ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕРДІҢ ӘН САЙЫСЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялануына байланысты Айшуақ ауылдық округі әкімі аппараты мен Бегімбет ауылдық клубы «Балапан жұлдыз — 2020» атты ән байқауын өткізді. Ауыл әкімі О.Әбшанов байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа Айгөлек бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері мен Б.Сүлейменов атындағы орта мектебінің 4-13 жас аралығындағы оқушылары қатысты.
Қазылардың 1-10 аралығындағы балдық жүйемен бағалау нәтижесінде 4-8 жас аралығындағы Мәди Асқаров және 9-13 жас аралығындағы Назым Сағынаева «Балапан жұлдыз — 2020» атанды.
Шараға ауыл кәсіпкері Бекет Көмекбаев қолдау жасады. Клуб меңгерушісі Ә.Бисен «Балапан жұлдыз — 2020» атанған және жүлделі орын алған әншілерді жеңістерімен құттықтап, белсенділіктері үшін алғыс білдірді.

Бетті әзірлеген М. БОҚАН.