«Қайырымдылық — мол сауап»

Ақпан айының бірі күні аудандық Мәдениет үйінде осындай тақырыппен қайырымдылық концерті болды. Мақсаты — перзентіміз Аңсаған Тлеубай қызының ем-домына арналды. Қызымыз мүмкіндігі шектеулі болса да ақылымен алысты ойлап, биікті армандайтын бүлдіршініме қоғамның онымен бірге екенін, Аңсағанымның аға-апаларының назарынан тыс қалмағанын сездіріп, бір сәт бақытқа бөлеп, ертеңіне үкілі үміт сыйлағаны үшін Шалқар қаласының өнерлі жастарына аналық алғысымды білдіремін. Қамқор болуды дәстүрге айналдырған осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін. Еңбектерің сауапқа жазылып, Алла бәріңізге зор денсаулық берсін.

Тыйыштықовтар әулетінен Тілеубай-Айзат.