Аудан әкімінің құттықтауы

Құрметті шалқарлықтар!

Баршаңызды қадам басқалы отырған 2020 Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн — өткен жылда жасалған жұмыстарға есеп беріп, келесі жылға жаңа бастамаларға жоспар құратын, еселі еңбек пен болжамды мақсаттардың тоғысқан күні болып саналатын ерекше мереке.
Тарих қойнауына кіріп бара жатқан 2019 жыл ауданымыз үшін жарқын оқиғаларға, жемісті жетістіктерге толы жыл болды. Аудан тұрғындарының ынтымағы мен бірлігінің, азаматтарының елеулі еңбегінің нәтижесінде көптеген игі істер жүзеге асты. Ауданымыз осымен үш жыл қатарынан жыл қорытындысын жарты миллиард теңге пайдамен аяқтады. Осындай табыстарымыздың арқасында көшелеріміз абаттандырылып, елді мекендерде халықтың жағдайын жақсартуға арналған әлеуметтік нысандар жыл сайын ашылуда. Мәдени нысандар мен білім беру мекемелері бой көтеріп, спорттық демалыс орындары салынуда. Шалқар «Үздік ауыл шаруашылығы ауданы» атанды. Өлкемізде «Анаға тағзым» орталығының ашылуы барлық нәзік жандарға көрсетілген үлкен сый-құрмет болды. Бұның барлығы ауданымыздың елу мыңға тарта халық бірлесіп атқарған ерен еңбектері деп білемін.
Біз — өткен күннен өнеге алып, келер күннен жақсылық тілеген елміз. Сондықтан да 2020 жылдан күтер үмітіміз көп. Өйткені алдағы жылы да атқарылар игі істер аз емес. Оны барлығымыз ауызбіршілікпен еңсеріп, табыстарға жететінімізге сенім мол.
Құрметті жерлестер!
Жаңа жыл — әрбір отбасы үшін ерекше күтілетін мереке. Баршаңызды Жаңа 2020 жылмен тағы да құттықтай отырып, әрбіріңізге мықты денсаулық, істеріңізге сәттілік тілеймін! Жаңа жылға ізгі үмітпен, ерекше пейілмен, жақсы ниетпен қадам басайық! 2020 жақсылыққа толы жыл болғай.

Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев.