Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды меңгеру мақсатында ауданның білім бөлімі әдістемелік құрылымдық бөлімшесінің жұмыс жоспарына сәйкес, аудандық кәсіподақ кеңесінің бірлесуімен «Нұр-Бота» бөбекжай-бақшасында аудандық «Үздік жыл тәрбиешісі» байқауы өтті.
Сайыстың мақсаты — мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оған жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру. Байқауға 17 мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері қатысып, жеңімпаздар анықталды. «Нұр-Бота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Гүлмара Оралбаева ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Мұндай сайыста бір жағынан біліміңді жетілдіресің және жан-жақты ізденесің. Педагогтар арасында осындай сайыстар жыл сайын өткізіліп тұрса, олар өз білімдерін жетілдіре түседі және педагог әрқашанда ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын. Сөзімді қортындылай келе ауданның білім бөлімі әдістемелік құрылымдық бөлімшесінің әдіскері Айнамгүл Ахетоваға, аудандық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Гүлзира Махатқа осындай ізгі істерді бастап, жас мамандарды биік шыңдарға жетелеп, педагогтардың шығармашылық және білім дәрежесінің ізденімпаздықтарын жетілдіруге атсалысқандарына алғысымызды білдіреміз.
Ляззат Бақтыбай,
«Нұр-Бота» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.