БАЛАЛАР ҚИЯЛЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Менің арманымдағы болашақ Қазақстан» атты сурет салудан байқау өткізілді. Байқау мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау, олардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Сайысқа барлығы 8 бала қатысты.
Аудандық педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілері қатысқан сайыста балалар өз қиялындағы болашақ Қазақстанның бейнесін суреттеді. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Азамат Мұхамбетжанов, ІІ орынды Данияр Мырзабеков, ІІІ орынды Мадияр Мұрат иеленді.
— Балам Азамат педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетіне үш жасынан бастап келеді. Қазір 8 жаста және І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінде 1-сыныпта оқиды. Байқау өтетінін естігеннен бастап балам қуанып, өз ойындағы болашақ Қазақстанды қағаз бетіне түсіруге кірісті. Балаларымыздың өнерін назардан тыс қалдырмай, қолдау көрсетіп отырған партиялықтарға алғысымды білдіремін, — дейді анасы Мира Искакова.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы.