«ЖАС ТОЛҚЫН» ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Жақында Атырау қаласында Батыс өңірі дарынды балаларының «Jas Tolqun» атты жас таланттардың республикалық байқауы өтіп, оған балам Айбар Қалмағанбетов қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленіп, лауреат атанып келді. Байқауға Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларынан 200-ге жуық жас өнерпаз қатысты.
Айбар Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінде ұстазы Мира Қосмамбет жетекшілік ететін домбыра аспабының 5-сыныбында оқиды. Мира баламды кішкентайынан бастап домбыраға баулып, түрлі халықаралық, республикалық өнер сайыстарына дайындап, жүлделі орындарға ие болуына ықпал етті.
Біз осы орайда Мираға шығармашылық табыстар тілей отырып, шәкірттері биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігімді білдіремін. Ауданымызда өнерлі балаларды тәрбиелеп отырған Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің директоры Зульфира Абиловаға және барлық ұстаздарына алғысымды айтамын.

Орынгүл ШҮЙІНШАЛИНА, ата-ана.