ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Жемқорлықпен күрес — бүгінде елімізде мемлекеттік, ауқымды маңызы бар түйткілді мәселе. Мәңгі ел боламыз десек, ұрпағымыздың алдымызда жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп тамырымен жоюымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық қауіпті дерт және бұл дертің алдын алу тетігі халықтың өзінде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында аудандық қазынашылық басқармасымен бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі Қазынашылық комитетінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс шаралар жоспары» үнемі басшылықта. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай сыбайлас жемқорлықпен жан жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен емес.
Жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді сақтау, этика нормаларының талаптарының орындалуы тақырыптарында жыл басынан басқарма қызметкерлері арасында 7 рет семинар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері Заң талабы шегінде қаралып, орындалды. Одан бөлек «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде тиімді жұмыстар атқарылуда. Басқарма бойынша мемлекеттік мекемелермен қатынаста сыбайластыққа жол бермей, тиімді қызмет атқару барысында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мәселен, қабылданып, орындаусыз қайтарылған құжаттарға үнемі талдау жасалынып, мемлекеттік мекемелердің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар-кеңестер өткізілді және бюджет заңнамалықтарына ықшам да оңтайлы методикалық нұсқамалар жасақталып таратылды. Нормативтік актілерге келген өзгерістер тез арада техникалық оқу сабағында талқыланып, басшылыққа алынды және бұл өзгерістер мемлекеттік мекемелерге дер уақытында таныстырылды. Әр семинар кеңестің соңында басқарма басшысы тарапынан үнемі клиенттердің ұсыныстарын, сын пікірлері қабылданып, көтерілген мәселелер бойынша нәтижелі жұмыстар атқарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жасақталған жоспардағы көрсетілген міндеттерге қол жеткізу қазынашылық қызметінің тиімділігін арттырады және алға қойған мақсаттарды іскке асыруға себепші болады. Алға басқан қадамды кейін тартып, қоғамның дамуына кесірін тигізетін сыбайлас жемқорлықты жою әр азаматтың міндеті.


Л.Досанова,
аудандық қазынашылық басқармасының бас маман-бас қазынашысы.