Ішкі істер министрінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 5 сәуірінде республика бойынша барлық аймақтарда «Жолдағы қабылдау» акциясы басталды. Бұл шара 1 қазанға дейін жалғасатын болып бекіді. Мақсаты — халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру.
Осы тұрғыда Шалқар ауданында да ай сайын екі күндік «Жолдағы қабылдау» акциясы, яғни 5-6 сәуірде, 17-18 мамырда, 14-15 маусымда, 12-13 шілдеде, 16-17 тамызда және де 13-14 қыркүйекте өткізілді. Халыққа тиімді болу үшін тұрғындар көптеп жиналатын теміржол вокзалы маңында және орталық көшелерде «Ауладағы қабылдау» түрінде ұйымдастырылды. Оның барысында аудандық полиция бөлімінің басшылық құрамы және қала әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке қабылдады, сұрақтарына жауап беріп, жолға қатысты мәселелер бойынша пікірлері тыңдалды.
Осы шараның болатындығы туралы алдын-ала халыққа ай сайын хабарламалар беріліп, кейін өткендігі жөнінде қорытынды ақпарат баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады.
Бұл «Жолдағы қабылдау» акциясы халық үшін тиімді. Қабылдауда болған әрбір азамат полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп жатады. Халықтың жақсы көңілі, оң пікірі полиция қызметкерлерін одан әрі жігерлендіріп, халықпен екі ортадағы сенімді ұлғайта түседі.
Бекжан Ақмалай,
аудандық полиция бөлімі,
әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры.