Шекараны ел де қорғайды

Қазіргі таңда шекара жағдайын сараптап келетін болсақ, шекараны күзету жағдайында ойландыратын жағдайлар әлі де болса кездеседі. Мәселен, ҚР ҰҚК Шекара қызметі басқа да ведомстволармен бірлесіп шекараны нығайтуға әрекеттелген жұмыстардың атқарылуына қарамастан ҚР«Мемлекеттік шекара режимін» бұзу, ҚР Мемлекеттік шекара сызығын жақсы білмегендіктен көршілес аймаққа өтіп кету, жеңіл қаражат табу мақсатында шекара арқылы заңсыз (контрабандалық) әрекетпен айналысу әлі де байқалады. Атап айтқанда, мұндай заңға қайшы келетін, көңіл толтырмас іс-әрекеттермен көп жағдайда шекара шектес елді аймақтардың тұрғындары айналысатыны өкінішті-ақ.
Мысал ретінде келтіретін болсақ, 2017 жылы қараша айында «Құланды» шекара заставасының аумағындағы Арал теңізінің жағасында заңсыз Артемия Салина Цистарын өнеркәсіптік аулауды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының К.Күсембаев, Ж. Ұзақбаев, Н.Нұрышов және М.Қонысов деген азаматтары адасып Мемлекеттік шекара сызығынан заңсыз өтіп, Өзбекстан Республикасының аумағына жол іздеп кіріп кеткен. Нәтижесінде жоғарыда көрсетілген Қазақстан азаматтары Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі әскери қызметкерлерімен ұсталған болатын.
Территорияның бүтіндігі мен Мемлекеттік шекараға қол сұғуға болмайтын принциптерге негізделген Қазақстан Ресрубликасы жалпы Мемлекеттік саясатының құрамды бөлігі шекара саясаты болып табылады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі өздеріне жүктелген Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау міндеттерін жүзеге асыру үшін ҚР шекара бүтіндігін сақтауда шекара маңындағы елді мекен тұрғындарының көмегіне сүйенеді.
ҚР «ҚР Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының 27-бабында «ҚР азаматтары, сонымен қатар ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар ҚР Мемлекеттік шекарасының белгіленген тәртібін сақтаулары тиіс, өткізу пунктерінің тәртібі ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы жүргізіледі» делінген.
Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Шекараны бүкіл Ел қорғайды» дегендей еліміздің әрбір азаматы ерікті жасақшылардың қатарына қосылып, ҚР Мемлекеттік шекарасын күзетуге немесе қол ұшын беруіне құқылы. ҚР шекарасын белгіленген тәртіп бойынша күзетуге атсалысқан Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттің заңды түрде қорғауында болады.
Өткенді сараптай келе, қазіргі уақытта ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тарихында кездесетін мемлекеттік шекараны күзетуге атсалысу жағдайлары да кездесуде. Шекарамен шектес тұрғындар тарапынан шекараны күзетуге деген құлшыныстың артып келе жатқандығы қуантады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Бейнеу шекара жағасының басшылығы Бейнеу ауданының тұрғындарына патриоттық тұрғыда мемлекет шекарасын күзетуге, қорғауға бар күш жігерлерін жұмсағандары үшін алғыстарын білдіреді.
Десек те, шекара аймағында тұратын кейбір азаматтар шекарадан асып, өрескел заң бұзушылықтарға ұрынып жатады. Шекарада орын алған заң бұзушылықты сол аймақта тұратын азаматтар көрсе де дер кезінде алдын алу шараларын қолданбайды. Осындай қарапайым тұрғындардың елге деген немқұрайлы іс-әрекеттері шекара қызметіне кері әсерін тигізеді.
Жиынды сабақтай келе жайылымда жүрген малдар шекарадан асып кетіп жатса, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының мемлекет аралық келісімдері бойынша малдар өз мемлекет аймағына кіргізіледі. Ал шекарадан заңсыз адам өтіп кетіп жатса, ол сол елдің заңымен жауапкершілікке тартылатындығын есте сақтау қажет.
Отанды көздің қарашығындай қорғау сол елдің барша азаматының міндеті. Отаным деп соққан әрбір жүрек еліне, туған жеріне адал болары да сөзсіз.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2087 әскери бөлімі.