Бершүгір ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың 3 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы әлеуметтік бағыттағы «Жүректен жүрекке!» атты ұранымен кең ауқымда өткізілуде. Акция мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету.
Бершүгір ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары мен округте орналасқан Бершүгір, Сарысай, Алабас мектептерінің комиссия мүшелері және барлық әлеуметтік педагогтары аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығын анықтау бойынша рейд өткізілді. Рейд қорытындысы бойынша демеушілер тарапынан қолдауды қажет ететін 50 оқушы анықталды. Сонымен қатар аталған шараның мақсаттары мен міндеттері туралы халықты ақпараттандыру арқылы жеке кәсіпкерлер мен округіміздегі кәсіпорын басшыларына үндеу хаттар жолданды.
Нәтижесінде Бершүгір ауылдық округінде орналасқан «Мұғалжар Нефтестрой», «Нұр-Тас Ақтөбе», «Тау-Кен», «Ақшат-Ақтөбе», «Диабаз-НТ», «Жайық Ақтөбе Тас», «Mining Inert Materials», «Восток-Цемент Коммерция» ЖШС-нің және де ауыл кәсіпкері Бекболат Сембаев және ауыл тұрғындарының көмегімен жалпы құны 1535924 теңге көлемінде демеушілік көрсетілді.
Округ бойынша 50 оқушы мектеп формасы, спорттық киіммен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілді. Акцияға белсене атсалысқан жоғарыда аталған мекемелерге және ауыл кәсіпкері мен ауыл тұрғындарына зор алғысымызды білдіреміз.
Бершүгір ауылдық округі
әкімінің аппараты.