АХАЖ ҚЫЗМЕТІ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ АТҚАРЫЛАДЫ

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты АХАЖ қызметіне аудан бойынша 2018 жылы жалпы 1647 азаматтық хал актілері тіркелді. Оның ішінде тууды тіркеу — 955, неке қиюды тіркеу — 268, әкелікті анықтауды тіркеу — 29, бала асырап алуды тіркеу — 9, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу — 12, тууды қалпына келтіру — 10 тіркелген. Азаматтық хал актілері бойынша түзету, өзгерту мен толықтыру енгізу —139 материал.
Үстіміздегі жылдың 7 айында жалпы саны 873 азаматтық хал актілері тіркелді. Оның ішінде тууды тіркеу — 453, некені қиюды тіркеу — 104, әкелікті анықтауды тіркеу — 17, атын, тегін, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу — 8, тууды қалпына келтіру — 3 тіркелген. Азаматтық хал актілері бойынша түзету, өзгерту мен толықтыру енгізу — 51 материал.
Сонымен қатар 2018 жылы 2404 дана, 2019 жылдың 7 айында 1494 дана. Барлық түрі бойынша қайталама куәліктер берілді. Басқа мемлекеттік мекемелерден 2018 жылы — 2680, үстіміздегі жылдың 7 айында 1150 хаттар келіп түсіп, мұрағаттан тексеріс жүргізіліп, Заңға сәйкес жауаптар беріліп, хаттар пошталық торап арқылы тапсырыс хатпен жолданды.
АХАТ қызметі бойынша «Неке (ерлі-зайыптылық) және Отбасы» туралы Кодексіне сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталығында инспекторлар арасында семинар-кеңес үнемі өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және «Ашық есік күні» акциясы өткізіліп, азаматтық хал актілері бойынша сұрақтар қойылып, ай сайын ақпараттар беріледі. Өзгерту, толықтыру мен түзету енгізу, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру бойынша қорытындылар жасалып, қорытынды бөлім басшысымен бекітіліп, соған сәйкес қайталама куәліктер берілді.
2008 жылға дейін тіркелген цифрланған азаматтық хал актілерін өзектендіру жөніндегі жол картасын орындау және мәліметтерді ҚР Премьер-министрінің орынбасары бекіткен АХАЖ ақпараттық жүйесіне экспорттау мақсатында акт жазбаларын түзету және «АХАЖ АЖ-не» жаңартылған ақпаратты енгізу, аталған тапсырма бойынша 212253 тұлғаға қатысты акт жазбаларына түзету енгізу жұмысы, аудандық әкімдіктің ықпалымен уақытша 7 маманды бөлу негізінде аяқталды.
Негізінен АХАТ қызметіне 2 бөлме бөлінген, бірі мұрағат, бірінде мамандар қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетуге арналған бөлменің көлемі тар. Ақпараттық жүйе және техникалық жабдықтар көне үлгіде, жаңартуды қажет етеді.

Жанболат ҮМБЕТОВ,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы.