ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев осы жылды Жастар жылы деп жариялады. Еліміздің болашағы — жастарға айрықша көңіл бөліп, Жастар жылын қабылдауға ұсыныс білдіруі қоғамның ауызбіршілігін еселей түсті. Тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасының үнемі жастарды қолдап, жастар саясатын дамытуды көздеп келе жатқаны айқын. Десекте, ауыл жастары қала жастарына қарағанда көп мүмкіндіктен қалыс қалады. Енді осы олқылықтарды жою барысы да біртіндеп жолға қойылып келеді.
Жыл басынан есепті кезеңге дейін аудандық жастар ресурстық орталығы бірқатар жұмыстар жүргізді. Ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың дерекқоры жинақталып, «Жастар» ақпараттық базасы жаңартылды. Ауданда халық саны — 45944, оның ішінде жастар саны —11822, яғни 25,7 % құрайды. Аудан орталығында 7233 жас болса, 4589 ауылдық елді-мекендерде тұрады. Оның ішінде ерлер саны — 6256, әйелдер — 5566.
Жыл басынан жастар арасындағы өзекті әлеуметтік проблемаларды анықтау және ауыл жастарын әлеуметтендіру мақсатында мекен-жай жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында 3604 үй (аула) араланып, 14 пен 29 жас аралығындағы 5943 жастың есебі алынды. Оның ішінде тұрақты жұмысы жоқ 103 жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған 610 және негізгі және орта білім алғаннан кейін оқымай қалған 84 жас (25-і — 9 кластан; 59-ы—11 кластан кейін) жалпы жастардың 0,7% анықталды.
Аудандық жастар ресурстық орталығына өтініштер және түрлі сұрақтармен 360 жас жүгінді. Жұмыссыздық қоғамның ең өткір проблемасы болу салдарынан жүгінген жастардың көпшілігінде жұмысқа орналасу мәселесі болып отыр. Сонымен қатар жас отбасыларға заңгерлік-құқықтық, психологиялық көмектер берілуде. Жоспарға сәйкес Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 267 жұмыс орны, «Үлкен Борсық орман шаруашылығы» мекемесі арқылы 40 жұмыс орны бөлінді. Қазіргі таңда сәуір-тамыз айларында әлеуметтік жағдайлары бойынша көп балалы отбасынан шыққан, аз қамтылған, жұмыссыз, студент, NEET, пробация қызметінде есепте тұрған жастар санатындағы 213 (100 студент, 18 оқушы, 55 жұмыссыз) жас маусымдық жұмысқа тартылды. Оның ішінде Халықты жұмыспен қамту орталығына 173, «Үлкен Борсық орман шаруашылығы» мекемесіне 40 жас жіберілді. Қыркүйек айына 40 жұмыссыз жас жіберілді. Аталған жұмыс қазан айының соңына дейін жалғасын табатын болады.
БҰҰ-ның даму бағдарламасының қоғамдық бірлестігімен келіссөздер жүргізіліп, жоғарыда аталған NEET санаттағы 10 жас 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында Алматы қаласындағы 1 апталық жазғы лагерьге жіберілді. Ол жақта жастарға түрлі семинар-тренингтер, шеберлік сағаттары өткізіліп, қаланың көрікті жерлерін аралады. Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы Орталық Азиядағы жастардың тұрақтылығын нығайту жөніндегі аймақтық жоба аясында Қырғызстан Республикасы Ыстықкөлдегі «Ақ-Марал» демалыс орталығына ауданымыздан аталмыш санаттағы 1 жас апталық лагерьге жолданып, оқыту-семинарларынан өтіп келді.
Сонымен қатар өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі жастармен жүйелі түрде жұмыстар іске асырылуда. Ауданда ұйымдастырылатын түрлі шараларға әр санаттағы жастар тартылуда. Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы бойынша ауданымыздың NEET санатына жататын бір топ жастар Ақтөбе қаласының жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасты.
Қыркүйек айынан бастап 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды үш айлық субсидияланатын тағлымдамамен кәсіби мамандық алуға оқыту бағдарламасына 40 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда. Орталыққа жүгінген жастардың барлығына ақпараттық кеңестер беріледі.
«Бастау», «Еңбек», «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020», «Бизнестің жол картасы —2020» бағдарламалары аясында жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша «Жас кәсіпкер» жобасымен 29 жасқа дейін 73 жұмыссыз жас оқыту-семинарына жіберіліп, білім алуда. Сонымен қатар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша 2019 жылдың мамыры мен қараша айлары аралығында «Jasа» жобасын жүзеге асыруда. Жобаға ауданымыздан 70 жас (21 жоба) қатысу үшін өтініш білдірген болатын. Жоба қорытындысы бойынша 13 жас өз кәсіптерін бастау үшін жоба грантына ие болды. Қазіргі таңда оқыту-семинарларына қатысып, құжаттарын рәсімдеуде.
«Жас маман» және «Дипломмен — ауылға» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша есепті кезеңде 2 маманға 6245,0 мың теңге бюджеттік кредит (білім саласы), 4 маманға (3 білім, 1 ветеринария саласы) 707,0 мың теңге көтерме жәрдемақы берілді.
Жастар жылын өңірде кеңінен атап өту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, қазан айында «Ұлт келбеті — жалынды жастар» аймақаралық жастар форумын өткізу жоспарлануда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.
Жанна Әбденова,
аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы.