ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫ

Теміржолшылар мерекесімен спорт күніне орай Шалқар әскерилендірілген теміржол күзеті мекемесінде үлкен футболдан сайыс өтті. Аталған мекеменің ауысымаралық жігіттерінің арасында өткен тартысты додада үздік шыққандар ұйымдастырушылар тарапынан марапаттар мен сый-сияпаттарға кенелді.
Шалқар әскерилендірілген теміржол күзеті №60 атқыштар командасының басшысы Жәнібек Жандос оза шапқандарға мадақтамалар мен сый-сияпаттар табыстап, бұқаралық спортты дамытуға үлесін қосып жүрген күзет қызметкерлерінің еңбегіне ерекше тоқталды. Аталмыш сайыстың қорытындысы бойынша І ауысымның жігіттері І орынды, ІV ауысымның жігіттері ІІ орынды, ІІ ауысымның жігіттері ІІІ орынды жеңіп алды.
Күнделікті қызметтері ширақылық пен қырағылықты талап ететін әріптестеріміздің алдағы уақыттарда да түрлі сайыстарда бақ сынап, биіктерден көріне беретініне біз сенімдіміз.

Еркебұлан МАМАНБАЕВ, №60 атқыштар командасының күзетшісі.