ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰҚЫҒЫ ЖІТІ БАҚЫЛАНАДЫ

Аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаевтың төрағалық етуімен аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия Ақтоғай ауылдық округінде көшпелі отырысын өткізіп, күн тәртібінде аудандық полиция бөлімінің Қотыртас ауылының тұрғыны А.Б-ға қатысты жинақталған ісі туралы ұсынысы мен Бозой ауылдық округінің әкімі Ж.Жұбаназаровтың «Жазғы демалыс кезеңінде тәрбиесі қиын, аз қамтылған отбасы балаларымен, сонымен қатар АІІБ-нде есепте тұрған кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақыттарын ұйымдастыру, қоғамдық өмірге араласу құқықтарын қамтамасыз етудің жайы туралы» хабарламасы тыңдалып, жан-жақты талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша комиссия мүшелерінің ұсынысымен Ақтоғай ауылдық округінің тұрғыны, азаматша А.Б. кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының профилактикасы, олардың қадағалаусыз және қараусыз қалуларының алдын алу мақсатында қадағалау үшін аудандық полиция бөлімінің есебіне алуға, сонымен қатар округ әкіміне азаматша А.Б-ның әлеуметтік жағдайын ескеріп, мүмкіндігінше жұмысқа орналастыруға ұсыныс жасалып, бүгінгі таңға округ әкімінің міндетін атқарушы Е.Бисенбин аталған азаматшаның қыркүйек айында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1 айлық маусымдық жұмыспен қамтылатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, ата-ана А.Б-ға Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті екені ескертіліп, ауданның білім бөліміне қадағалаусыз не қараусыз қалуының алдын алу, әлеуметтік оңалту мақсатында кәмелетке толмаған К.А-ге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетіліп, қатаң бақылауға алуды №2 мектеп-гимназиясына тапсыру міндеттелінді.
Ал, екінші мәселе бойынша округ әкіміне кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын ұйымдастыруда оқушылар санын арттыру, оның ішінде аз қамтылған отбасы балаларының толық қамту тапсырылды.

В. Шектібаева, аудан әкімі аппаратының
бас маманы, комиссия хатшысы