«Адал жол» марафон- эстафетасы басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон эстафетасына орай Орталық саябақта өткен салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Сапарғали Құлбергенов қатысты.  Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған «Адал жол» марафоны биыл да жалғасын тапты. Аудан әкімі аппаратының өкілдері «Адал жол —Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасын Мұғалжар ауданынан қабылдап алды. Шараның басты мақсаты — қоғамда халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, жемқорлыққа жол бермей, адал табыс табу әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы болуы тиіс.
«Адал жол — честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы аясында ауданда түрлі шаралар ұйымдастырылады. Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.