ӨРТТЕН САҚТАНУ — ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ

«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 32 327 га, оның орманмен жабылғаны 5569 га. Мекеменің негізгі мақсаттарының бірі — ормандардың сақталуын қамтамасыз ету. Ал өрт орманға төнген қауіптің басы болып табылады. Сондықтан өрттің алдын алу, болдырмау шараларын қолға алып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды.
Орман-дала өрті негізінен жаз кезеңінде адамдардың демалу кезеңі басталған уақытында орын алады. Әрине, найзағай немесе басқа да табиғи жағдайлардың өртке алып келуі мүмкін. Дегенмен, тілсіз жаудың орын алуына орманда демалушылардың өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуы, мысалы, дұрыс сөндірілмеген оттан, сөндірілмеген сіріңке мен темекінің қалдықтарынан, автокөліктен шыққан ұшқыннан өрттің тұтану қаупі көбейеді. Сонымен қатар, аумақты қажет емес қалдықтардан тазарту және ауыл шаруашылығы жерлерде қажет емес өсімдіктер немесе қалдықтарды жағу жұмыстарын жүргізу барысында болады.
Орман өрті тек адамзат үшін маңызды табиғи қор болып табылатын орманға ғана қауіпті емес сол орман ішіндегі жан-жануар, ағаштар мен өсімдіктерге, шаруашылыққа, тіпті, адамның өзіне де қауіп төндіреді. Құрғақ ауа райы мен жел кездерінде өрт үлкен аумаққа таралып, зардап көлемін ұлғайтады. Сол себепті әрбір адам орман-тойғайда өртке қарсы ережелерді біліп, қарапайым өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауы қажет.
Орман өрттерін сөндіргеннен сақтандыру жеңіл. Сондықтан біз де, өз кезегімізде, тұрғындарды демалу барысында немқұрайлылыққа жол бермеуге шақырамыз. Ол үшін құрғақ, ыстық кезде алау жағудың қауіпті екенін ұмытпау, жанып жатқан отты қараусыз қалдырмау, демалыс орнынан кетерде отты сөндіріп, құм себу, темекі мен сіріңке қалдықтарына абай болу қажет. Бұл шаралар әрбір жанның азаматтық міндеті, жауапкершілігі екенін ұмытпаған жөн.

Аманбек Қалдыбаев,
«Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» КММ-нің орман шебері.