Президенттің Алғыс хатын алды

Өткен сайлау науқанында «Nur Otan» партиясының ардагерлері және партия белсенділері Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын халыққа түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында қажырлы еңбек көрсетті.
Осы еңбектің нәтижесі ретінде партия ардагерлері мен партия белсенділері — Оразбай Әділбаев, Сауда Самаев, Нұрлан Майкөпов, Елубай Төлепберген, Сқақ Бигеев, Едіге Бисенбин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттарды табыстаған партияның аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Қаниев «Сайлау қорытындысын Елбасы саясатының лайықты жалғасы және сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларына негізделген дамудың жаңа бағытын қолдау деп қабылдаймын», — деп марапат иелеріне алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалы.