Аудандық көркемсурет лицейінде «Нұрлы болашақ» жалпықазақстандық акциясы аясында жазғы пленарлық іс-шаралар жоспарына сәйкес, кескіндеме пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Туған өлкемнің тамаша табиғаты» тақырыбында сурет көрмесі өтті. Мақсаты — оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу, туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыра отырып, табиғаттың сұлу келбетін сезіне білуге, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрмеге лицейдің 1-4 сынып оқушылары мұғалімдерінің жетекшілігімен Шалқар көлінің жағалауына барып ондағы табиғат келбетін, жазғы көріністі ақ парақтарына өз шеберліктерімен салды. Туындыларының тақырыптарын таныстырып, дарындылық қабілеттерін жоғары дәрежеде көрсете білгендері үшін ұйымдастырушылар тарапынан мадақтамалар алды.
М.НАШАНОВА,
аудандық көркемсурет лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары