«ЭНЕРГОСИСТЕМА» ЖШС-НІҢ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ КЕЗІНДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Шынымен, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезінде техникалық шарттарды қалай алуға болады? Бұл сұрақ аймақтың көптеген тұрғындарын мазалайтын өте актуалды мәселе. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу кезінде техникалық шарттарды алу тәртібін түсіндіру бойынша сұрақтарға «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің басшысы Альмуханов Нурбулат Абдрешович жауап береді.

– Нурбулат Абдрешович, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға берілетін техникалық шарттар қандай қағидалармен реттелетінін түсіндіріңіз?

-Аталған сұрақты энергия беруші ұйым «Энергосистема» ЖШС-нің мысалында қарастырған жақсырақ.

Біздің облыстың тұрғындарына «Энергосистема» ЖШС техникалық шарттарды Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына және Электр энергиясын пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес беретіндігі туралы білу қажет.

-Қандай жағдайларда техникалық шарттарды алу үшін «Энергосистема» ЖШС-не жүгіну қажет? Иесі ауысқан жағдайда техникалық шарттарды қайта ресімдеу қажет пе?

– «Энергосистема» ЖШС техникалық шарттарды мынадай жағдайларда:

1) жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда;

2) тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарда белгіленген қуаттан артқанда;

3) электрмен сырттай жабдықтау схемасы өзгергенде;

4) тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

Қалған жағдайларда «Энергосистема» ЖШС техникалық шарттарды алуды, соның ішінде иесі ауысқан және объектінің статусы өзгерген жағдайларда техникалық шарттарды қайта ресімдеуді талап етуге құқығы жоқ.

– Техникалық шарттарды алу үшін қай жерге бару қажет? «Энергосистема» ЖШС-мен техникалық шарттарды беруде ақы алынады ма?

– Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24 бабына сәйкес «Энергосистема» ЖШС-нің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге өтінішті қабылдауды және оны қарау нәтижесін беруді Мемлекеттік корпорация «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе «Энергосистема» ЖШС-нің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

«Энергосистема» ЖШС-нің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруге өтініш қабылданған кезде Мемлекеттік корпорация тұтынушыдан осы қызметтерді көрсеткені үшін төлемақы алады. «Энергосистема» ЖШС-мен техникалық шарттарды беру кезінде ақы алынбайды.

– «Энергосистема» ЖШС құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда қай жерге жүгінуге болады?

– Тұтынушыға «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не жүгіну қажет. Бұзушылықтар орын алған жағдайда, құжаттарды қабылдаудан және (немесе) техникалық шарттарды беруден бас тарту үшін

«Энергосистема» ЖШС-не Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 301-1 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

– «Энергосистема» ЖШС техникалық шарттарды қандай мерзімде беруге міндетті?

– Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24 бабына сәйкес техникалық шарттарды беруге өтініш бес жұмыс күні ішінде қаралады, оның қорытындысы бойынша «Энергосистема» ЖШС:

1) техникалық шарттарды береді;

2) техникалық шарттарды беруден бас тартады.

– Қандай жағдайларда «Энергосистема» ЖШС техникалық шарттарды беруден бас тартуы мүмкін?

– Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24 бабына сәйкес техникалық шарттарды беруден бас тартуға:

1) «Энергосистема» ЖШС-нің бос және қолжетімді қуаттар, сыйымдылықтар, желілерінің өткізу қабілеттері болмаған;

2) «Энергосистема» ЖШС-нің желілері болмаған жағдайда жол беріледі.

Бұдан басқа аталған жағдайда «Энергосистема» ЖШС:

1) техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге уәжді негіздемені қоса береді;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін және бос және қолжетімді қуаттардың, «Энергосистема» ЖШС-нің желілерінің өткізу қабілеттерінің тапшылығы немесе желілерінің жоқ екені есептелген уәжді негіздеме жібереді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Энергосистема» ЖШС-нің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімнің көшірмесін алуға байланысты:

1) жеті жұмыс күнінен кешіктірмей тұтынушыға «Энергосистема» ЖШС-нің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар беруден бас тартудың негізділігін растайтын немесе «Энергосистема» ЖШС-нің қызметін тексеруге бастамашылық жасау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне шағым берудің қажеттігі туралы хат жібереді;

2) «Энергосистема» ЖШС-нің бос және қолжетімді қуаттардың, желілерінің өткізу қабілеттерінің немесе желілерінің болмау фактісі анықталған кезде «Энергосистема» ЖШС-не экономикалық жағынан орынды болған кезде бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту және реттеліп көрсетілетін қызметке қосу үшін жағдайлар жасау қажеттігі туралы хабарлайды.

– «Энергосистема» ЖШС техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзған жағдайда тағы қай жерге шағымдануға болады?

– Тұтынушыға «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-не шағымдану қажет. Техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылған жағдайда «Энергосистема» ЖШС үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 301-1 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық қарастырылған.

– Электрмен жабдықтау желісіне қосылған кезде облыстың тұрғындарын қандай жаңалықтар қуанта алады?

– Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 24 бабына сәйкес «Энергосистема» ЖШС-не құрылыс жобасының «Энергосистема» ЖШС-нің

желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға сәйкестігіне келісуді талап етуге тыйым салынады. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы орын алған жағдайда тұтынушыға «Энергосистема» ЖШС-нің қызметін тексеруге бастамашылық жасау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне шағым беру қажет.

– Әңгімеңіз үшін рахмет.

Өз тілшімізден