АУЫЛ АРДАГЕРЛЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермекбай Тұрғанбаев Кішіқұм ауылдық округінің орталығында болып, ауыл үлкендерімен кездесті. Округтегі ардагерлер ұйымының төрағасы Аққайыр Оразбаевтың жұмыстары тыңдалды. Сондай-ақ осы сапарда Шілікті бекетінде теміржол мен су айдау мекемесінде қырық жыл табанды еңбек еткен, ауылдың қадірлі ақсақалы Елеусіз Ырысұлын 80 жасқа толған торқалы тойымен құттықтады.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы ауылдағы замандастармен жүздесуде елді ауызбіршілікке үндеп, жастарға әрдайым ақыл-кеңестерін айтып отыруды, ынтымақты жарастыруға атсалысуларын сөз етті.
Ауылдағы ардагерлер ұйымының төрағасы, зейнеткер-ұстаз Аққайыр Оразбаевтың жұмысына сәттілік тілеп, оның атқарып жатқан істері көпке үлгі екендігін жеткізді.