Димаш Дамирмен кездесті

Ақтөбе қаласындағы «Өнер орталығында» «Bagytty bala» ІІ балалар ашық вокалдық фестиваль-конкурсының гала-концерті өтті. Оған ауданымыздан көрермен ретінде балалық қателікпен өмір қиындығын арқалаған Дамир Фаткуллин қатысып, белгілі өнер жұлдыздарымен кездесіп қайтты. Оның көп армандарының бірі әлемді өнерімен өзіне қаратқан айтулы өнер иесі — Димаш Құдайбергеновпен кездесу еді. Аудан әкімшілігінің қолдауымен Дамир осы гала-концертте сол арманына қол жеткізді. Ол Димашпен қоса елімізге белгілі өнер жұлдыздарымен де жүздесіп, үлкен әсерге бөленді.
— Дамир ініме бұл үлкен қолдау болды. Димаштың ата-анасы Қанат пен Света да ініме жанашырлық танытып, тез сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. Алда да әрдайым Дамирмен байланыста болып, көмек қолдарын созатындықтарын айтты.
«Мега» сауда үйінен келген өкіл ініме сый-сияпаттарға толы пакеттер табыстады. Біз өте қуаныштымыз. Осындай керемет мүмкіндіктер жасаған ауданның атқамінер азаматтарына отбасымыздың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз, — дейді ағасы Асхат Фаткуллин.

Мұхтар МЫРЗАЛИН.