«ШАЛҚАР» ҰЖЫМЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Аудандық «Шалқар» газеті ЖШС» директоры Қыдыралы Әлин бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен «Шалқар» газеті редакциясының ардагер-журналистерін арнайы құттықтап, сый-сияпаттар жасады.    Ардагерлермен кездесуде серіктестік басшысы аудандық газеттің бүгінгі ахуалы жайында әңгімелеп, олардың пікірлерін тыңдады. Қазақстанның құрметті журналисі Мұқамбетәли Есмағамбетов, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Сембай Карин, Баспасөз саласының ардагері  Зұлхия Іскендіровалар жастары ұлғайса да «Шалқар» газетін үзбей оқитындықтарын айтып, өздеріне құрмет көрсете келген редакция ұжымына шынайы алғыстарын білдірді.