Мемлекеттік қызметшілер сайысты

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 23 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай кіші футболдан аудандық біріншілік өтті. Мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру арқылы спорттың бұқаралылығын арттыру, салауатты өмір салтын насиxаттау. Алты командадан 50-ден астам спортшы қатысқан жарыс тартысты өтті.
Жарыс қортындысында І орынды аудан әкімдігінің командасы, екінші орынды аудан әкідігінің «Жастар» командасы иеленіп, ІІІ орын №17 өрт сөндіру бөліміне бұйырды.
Жеңімпаздар аудан әкімінің мадақтамасы және медальдарымен марапатталды.

Нұржан ШОЙҒАРИН,
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.