«ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру мақсатында темір жол вокзалы алаңында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында шара өткізді.
Аудандық ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Бекжан Ақмалайдың айтуына қарағанда, осы күндері қабылдауға келгендер тарапынан қойылған сауалдардың басым көпшілігі автокөліктерді тіркеу, есептен шығару, техникалық байқаулардан өткізу жөнінде болды.
Жыл басталғалы осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған қабылдауға келгендердің бірі Бозой ауылының тұрғыны Сағыныш Құрманғалиев азаматтық қару сатып алуға байланысты қандай құжаттардың қажет екенін сұрады.
Сонымен қатар Газшылар қалашығында да учаскелік полиция инспекторлары қабылдау жүргізіп, тұрғындар сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауды жүргізген тәртіп сақшылары тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға нақты жауап беріп, өтініштерінің ескерусіз қалмайтынын айтты.