СУДА ШОМЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ауданымыздың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу үшін аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қазіргі уақытта азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені өткізілуде.

Осыған байланысты, Сіздердің назарларыңызды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға аударғымыз келеді. Бірінші кезекте мыналарға:

– алкоголь және есірткіден мас болған күйінде суға түсуге және шомылуға;

– суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған жарақтардан секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге;

– жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге;

– жүзуге арналмаған заттармен пайдалануға;

– техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге;

– балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тиым салынады.

Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Жақын жерде жүзіп бара жатқан катерлерге, кемелерге және моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару аса қауіпті.

Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.

Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн.

Адамдардың суда қайғылы оқиғаларға ұшырауының басты себебі жүзе білмеуі болып табылады. Жүзе білмеген адамға кенеттен түбі терең жерге барып қалу жеткілікті, қатты ағын немесе толқынның соғуы салдарынан адамдар тез арада өзін-өзі ұстай біледі, судан булығады және суға батады.

Адамдардың суда қаза болуының себептерінің бірі тәжірибелі жүзушілердің өзін суасты ағыны ерік бермей тартады. Әсіресе, түбі анық көрінетін өзендер мен көлдер, су астындағы жартас шоқысы, тіреуіші, суға батқан зәкір, бөрене және т.б. сүңгуге қауіпті болып табылады.

Көбінесе, кенеттен сіңір тарту адамдардың қозғаласына кедергі келтіру салдарынан суға батып кетіп жатады. Сіңір тартудың себептері суда дененің тоңазуы, бір қалыпты жүзу кезінде бұлшықеттің ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінен оның жиырылуы, су температурасының ауысуы болып табылады.

Сіңір тартқан жағдайда не істеу қажет:

1) Бірінші кезекте міндетті түрде жүзу стилін өзгертіңіз, арқаға жатып жүзіңіз, судан тез арада шығуға немесе жағалауға жақындауға тырысыңыз;

2) Қол саусақтарының тартылуын сезінген жағдайда қол білегін жұдырыққа түйіңіз, қолды сыртқа серпіп, жұдырықты ашу қажет;

3) Балтыр бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде иіліп, зардап шеккен аяқтың табанын екі қолмен құшақтап, күшпен оны өзіңізге қарай тартыңыз;

4) Сан бұлшықетінің сіңірі тартқан кезде аяқты сирақтан төмен сыртқы жағынан қолыңызбен ұстап, оны тізеге бүгіп арқаға қарай тартыңыз. Егер қолыңыздың және аяғыңыздың сіңір тартуы басылмаса, амалдарды тағы бір мәрте қайталаңыз. Қосылған бұлшықеттің жұмысы сіңір тартудың басылуын тездететінін есте сақтаған жөн.

Суға шомылу кезінде шектеулер немесе тыйым салынатын бірқатар ауру түрлері бар. Мәселен, жүрек ауруы кезінде суға шомылғанда абай болу қажет. Осы аурулар кезінде температура күрт өзгеру салдарынан жүрек талмасы ауруына ұшырауы мүмкін. Естен тану сырқаты бар, құлақ ауруы бар адамдарға суға шомылумен әуестенуге болмайды. Әсіресе, құлақтың ішіне суық судың кіруі өте қауіпті. Суық су құлаққа кіріп, жартыиірім өзектерді түршіктіріп бас айналу, құсу, тепе-теңдіктің бұзылуына алып келуі мүмкін.

Қазіргі уақытта ТЖ бөлімі Әкімшілік полиция қызметімен бірігіп ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген 364-бап ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу, 412-бап су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау, 440-бап алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу  бабтарын бұзған жағдайда әкімшілік шаралардың қолданылуы және тыйым салынған жерлерде шомылу ортақ су пайдалану қағидасын бұзғаны үшін айыппұл көзделген.

Е.Тұрғамбаев, ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.