ШАЛҚАР ӨНІМДЕРІНЕ СҰРАНЫС АРТЫП ТҰР

Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке сөресіне Шалқар қаласы мен аудандағы барлық ауылдық округтерден ауыл шаруашылығы өнімдері қойылып, ақтөбеліктерге қолайлы бағамен сатылды.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Марғұлан Досжановтың сөзінше, онда 12 ірі қараның еті арзан бағамен сатылып, қасиетті Рамазан айына орай бірқатар отбасыларға ет тегін таратылған. Сондай-ақ, шалқарлық шаруалардың апарған 160 литр шұбаты, 15 келі сары майы, 30 келі құрт-ірімшігі лезде қолдан-қолға өтіп кеткен.
Жәрмеңке барысын бақылаған облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин жергілікті шаруалардың жәрмеңкедегі белсенділіктеріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.