Енді азаматтар керек ақпаратты «QR-code» жүйесі арқылы тез әрі оңай тауып, соттардың мекен-жайын, мемлекеттік баждың, процестік шығындардың деректемелерін, соттардың сенім телефондарын және т.б. пайдалы ақпаратты ала алады. Ол үшін ұялы телефондарына, планшеттеріне QR-кодтарын оқуға арналған арнайы қосымшаны «Playmarket» немесе «Appstore» арқылы жүктеп, сот фойесінде орналасқан кодты сканерлеу қажет.
Аталған жаңашылдық азаматтарға жайлылық және қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп, қазірдің өзінде сотқа келушілерге пайдалы болуда.
Аудандық сотта бірінші рет осы қызметті қолданған сотқа келуші, бұл жаңашылдық жөнінде оң пікірін білдіріп, азаматтарға қолайлы екенін атап өтті.
Н.Ерниязова, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі.