ҚҰРМЕТТІ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛЕРІ! ҚҰРМЕТТІ ШАЛҚАРЛЫҚТАР!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері құрылды. Ал 2012 жылдың 19 қазаны күні Елбасының арнайы Жарлығымен бұл күн Отан қорғаушылар күні ретінде ресми  белгіленді.

Бұл мереке — Отанға адалдықпен берілуді ерен ерлігімен, адал ісімен дәлелдеген нағыз ерлердің мерекесі. Бүгінгі күні қазақстандықтардың еркіндігі мен бейбіт тіршілігін қорғаушы жауынгерлеріміз өздерінің Отан алдындағы борыштарын адал атқаруда. Біз олардың қызметтерін әркез жоғары бағалаймыз және атақтарын әрдайым мақтан тұтамыз. Олардың басты мақсаты — Тәуелсіздігімізді қорғап, ел ішінде тыныштықты күзетіп, ұлттар арасындағы татулықты қамтамасыз ету. Бейбіт еліміздегі тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы да осы Отан қорғаушыларына тікелей байланысты. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет болса, бұның барлығы бүгінгі сарбаздардың бойларында бар деп сенеміз. Бүгінде Отан қорғаушылар күні өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.

 Аға ұрпақтың Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосуы ерен ерліктің үлгісі ғана емес жас буын алдындағы өлшеусіз тәрбие мектебі болып саналады. Сондықтан әрбір елім деп еміренген ерлерімізге зор денсаулық, ұзақ та бақытты өмір тілеймін. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық берсін!                                       

Аудан әкімі Бауыржан Қаниев.