ҚҰРМЕТТІ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ! ҚҰРМЕТТІ ШАЛҚАРЛЫҚТАР

9 МАМЫР — ЖЕҢІС КҮНІ

Ардақты соғыс және тыл ардагерлері! Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Адамзат тарихындағы қанқұйлы оқиғалардың бірі болып саналатын Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын барша әлемге дәлелдеп берді. Осы соғыста теңдессіз ерліктері мен фашизмді тізе бүктіріп, Жеңіс күнін әкелген бабаларымыздың ерлігін ұрпақтары мәңгілік жадында сақтайды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Арын байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз.

Бұл қастерлі мереке аталарымыздың жанқиярлық ерлігі мен төгілген қанның өтеуі, қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен қайтпас рух пен жалынды жігерлерінің жемісі. Олар албырт жастықтың қызықты шақтарының орнына өмір мен өлім алысқан зұлым соғысты көріп, өлшенбес ерліктің, Отан алдындағы адалдық пен азаматтық парызды атқарудың өнегесін көрсетті. Олардың ерен ерліктері ұрпақ алдында мәңгі жаңғырып жасай бермек.

Біздің ауданымыздан да Ұлы Отан соғысына жеті мыңнан астам азамат аттанып, олардың үш жарым мыңы туған жерге оралмады. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Қадірлі жерлестер! Баршамыз үшін қасиетті осы мерекеде Сіздерге мықты денсаулық пен бақытты ғұмыр тілеймін. Баршаңызға рух сергектігі мен ел амандығын тілеймін.

Мереке құтты болсын!                                              

Аудан әкімі Бауыржан Қаниев.

Posted Under