ҚҰРМЕТТІ ШАЛҚАРЛЫҚТАР!

Сіздерді 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл — бірлігі мен тірлігі жарасқан жалпыұлттық келісімнің ұлылығын паш ететін мамыражай мереке. Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлт- тық келісімнің мерекесі болып есептелетін осы күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Бұл мерекенің Қазақстан секілді 130-дан астам ұлт тұрып жатқан ел үшін орыны ерекше. Өйткені бүгінгідей дүрбелең кезеңде осыншама халықты бір шаңырақтың астына ерекше достық пен шынайы татулық аясында ұстап тұру үшін үлкен көрегенділік керек. Ал халықтар бірлігі —  біздің миллиондаған отандасымыздың ортақ тілегі.

Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше, елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің  татулығы артып, қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Сіздерді осы бір тамаша мерекемен тағы да құттықтай отырып, әрқайсыңыздың дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке, отбастарыңызға бақыт пен қуаныш  тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында биік белестер мен үлкен мүмкіндіктерді бағындыруларыңызға тілектеспін.

Мереке құтты болсын!                                                       

Аудан әкімі Бауыржан Қаниев.