КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ КӨМЕГІ КӨП

Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасалып, шағын және орта бизнеске кең өріс ашылуда. Нәтижесінде ауданда кәсіпкерлік саласының дамуында ерекше серпін байқалады. Мәселен, аудан бойынша айтар болсақ, ағымдағы жылдың екі айында 1959 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Олардың 94,3 пайызы белсенді. Жыл басынан бері аудан кәсіпкерлері 3,2 млн. теңгенің демеушілігін көрсетті.

Бүгінгі күні аудан мен облыстағы іс-шараларға белсенділік танытып, атсалысып және қолдарынан келген әлеуметтік көмектерін аямай көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз. Солардың қатарындағы сонау 1996 жылдан бастап өз істерін ашып, халыққа қызмет көрсетіп, осы уақытқа дейін ақыл-кеңестерін беріп келе жатқан Елеусізов Болатбай, Катуов Қуаныш, Әйтенов Серік-Тұғыр, Ержанов Марат, Нашанов Жангелді, Тоғызбаев Хайдар, Есенкулов Сыдық  «Ерлат» дүкені, Сұлтанов Ғанибек, Ноғаев Абай, Еңсеп Сабыр, Нұртаев Еркін, Дүзімов Кәдірқұл, Боранқұлова Бибігүл, Махамбетова Ағира, Мұхамбеталиева Күнсұлу, Батырғарина Ділдаш, Шакаева Даша, Ешниязова Жаңылсын, Отарова Айкенже, Торжынбаева Гүлсара, Жақыпова Мирамкүл, Болысбаева Қарлығаш, Абашева Баян, Қарымсақова Тәтті, Үсенова Айзат, Жұбатова Таран «Сымбат» ателье, Қыдыралиева Құндыз, Сыдықова Жанат, Мұқбай Ғалия сынды кәсіпкерлердің соңынан ерген ізбасар жас кәсіпкерлер Ахметов Бақытжан, Сыдық Қанат, Оразалы Қайрат, Мұқанов Бекнұр, Бақтыбаев Аман, Жүсіпбеков Темірлан «Қалам» кеңсе тауарлары дүкені, Меңдіғарин Талғат, Тасқожин Болатхан, Меңдіғарин Мақсат,  Жолашев Медет, Берістемов Бауыржан, Бисенбаев Амандық, Асанова Алия, Бимаханов Ерболат «Таза қала Шалқар» ЖШС-і, Жандосова Жарқынай, Тлеумбетов Сұлтан, Қитаров Ғабит, Баешова Гүлнара, «Шафран», Убешова Гүлмира «Тәттілер әлемі», Шектібаева Баян «Баян» ателье, Жансерік Айдана, Оразымбетов Азамат, Капсаламова Марал, Нұрпейсова Құралай, «Азимут» дүкенінің иесі Ажимова Марияны ерекше атап өткен жөн.

Сонымен қатар, қазіргі таңда халықты үздіксіз ұнмен қамтамасыз етіп отырған «Бек-Аслан» азық-түлік шағын минимаркетінің иесі, жеке кәсіпкер Орынбасаров Бекберген және өзінің «Камаз» автокөлігімен жеміс-жидек, көкөністермен толықтай қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкер Шадиманов Нұрлыбек есімді азаматтардың да еңбектерін ерекше айтпай кетуге болмайды.

Гүлнар ЕЛШІБАЕВА, ауданның кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.